Онлайн ақша табу жолдары
Қазіргі заманда тек бір табыс көзіне сеніп отыруға болмайды. Жұмыстан қысқарту, айлық кешігуі, денсаулық деген сияқты себептерге байланысты бірнеше табыс көзі болғаны дұрыс. Бұл каналда қосымша табыс көздері, онлайн жасауға болатын жұмыстар, бизнес идеялар, табыс көзіне айналдыруға болатын хоббилер, қабілеттер туралы жазамыз. Интернет пен технологияның қарқынды дамуының арқасында көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Соның ішінде интернет арқылы ақша табуға да көптеген мүмкіндіктер ашылуда.
Бұл постта табыс көзіне айналдыруға болатын идеялар топтамасын жазатын боламыз.
- Курс жасау және сату
Ол үшін мұғалімнің дипломы қажет емес. Кез келген адам басқалардан жақсырақ білетін нәрсесін үйрете алады. Қолыңыздан не келетінін ойлап көріңіз. Қандай қабілетіңізге байланысты көп адам хабарласады. Сол сіздің үйрете алатын нишаңыз. Камераны қосып, сол тақырыпты түсіндірсеңіз болады, немесе слайдтармен түсіндірсеңіз болады. Дайын видеоларды youtube немесе udemy сияқты платформаларға жүктеп, курсыңызды сатсаңыз болады
2. Партнерская программ
Бұл тауарларды басқаларға ұсыну арқылы сатылымнан кішігірім комиссия алу. Бұны блог жазу арқылы немесе басқа тәсілдермен пассивті табыс (passive income/пассивный доход) көзіне айналдыруға болады.
3. Қор нарығынан акциялар сатып алу
Акция сатып алу үлкен пассивті табысқа әкелуі мүмкін. Адамдар акция сатып алу үшін милиондаған ақша керек деп ойлайды.Бірақ олай емес, аз ақшамен де бастауға болады. Бірақ білімің болу керек.
4. Youtube канал
Youtube канал ашу видеоларға шығатын рекламаларды монетизациялауға немесе партнерская программа сілтемелерін бөлісуге керемет құрал. Канал ашу үшін ниша және аудиторияңызды таңдауыңыз керек. Өзіңіз жақсы меңгерген нишаны таңдап, көрермендерге қандай пайдаңыз тиетінін айтып видеолар жасап бастасаңыз болады. Басқалардың жарнамаларын видеоңызға қосып немесе партнерская программа сілтемелерін видеоның астына қалдырып ақша табуға болады
5. Инстаграм
Егер сәнге жақын адам болсаңыз, инстаграмнан парақша ашып аудитория жинасаңыз болады. Аудиторияңызға қызықты болатын стористер, рилс салу арқылы аудиторияңызға пайдалы ақпараттар бөлісесіз. Стористерге сілтеме қойып тауарларыңызды немесе партнерская программа жарнамаласаңыз болады.
6. Дропшиппинг
Трендтегі тауарларды aliexpress.com, alibaba.com, taobao.com сияқты қытай сайттарынан тауып сатасыз. Дропшиппинг ерекшелігі біреу сатып алғанда ғана сайттан тапсырыс бересіз.
7. Kaspi, wildberries, olx, satu, ozon, shopify маркетплейстері
Алдағы бір жылға аудитория таңдаңыз және сол аудиторияның бір жылда міндетті түрде сатып алатын 3–4 зат таңдап соларды сатсаңыз болады.
8. Приложение жасау
Технологияға қызығатын болсаң, өз приложенияңды жасауға болады. Идея бар бірақ уақыт жоқ болса lowcode немесе nocode платформаларын пайдаланып приложение жасауыңа болады. Lowcode, nocode тарда код жазбай приложение немесе сайт жасауға болады. Сол приложение қызық болатын аудиторияға тест жасап, сосын play market немесе app store ларға жүктесең болады.
9. Футболкаларға дизайн
Футболкаға дизайн жасап, заказ түскенде ғана жасатып отырып сатсаң болады. Қазіргі трендтерге арнап көптеген дизайндар жасап, сатып алушыларға ұсынсаң болады.Инстаграм және тиктокта фото видеоларын қойып жарнамаласаң болады.
10. Сауда автоматтары
Сауда автоматтарын адамдар көп жүретін стратегиялық жерлерге қойып, адамдар көп қолданатын заттардан салып қою керек. Чипсы, кола сияқты.